Көз аурулары ғылыми зерттеу институтының Шымкенттік бөлімшесі кез-келген кеселдің түріне диагностика жасауға үлкен мүмкіндік алды. Енді қос жанары жөнді көрмейтін науқастар Алматы мен Нұр-Сұлтанға сабылмай үшінші мегаполисте ота жасата алады. Қазір орталықта білікті мамандар заман талабына сай аппараттың көмегімен күрделі операцияларды бастауда. Қарға адым жерді көруге зар болып келген кейбір азаматтар осы отадан кейін көздері шәйдай ашылғанын айтып, дәрігерлерге алғыстарын жаударып жүр.

Поделиться новостью в соц. сетях
Write to whatsapp